Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Түркістан облысы, Жигерген а.о., Қызылбұлақ а., Мошкал Баба көшесі, 38а
87253976059
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Бибол Құдайназаров" атындағы негізгі орта мектеп" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімі
Атауы Жүктеу
1 Бибол Құдайназаров ном Сабақ кестесі 2023-2024 оқу жылы
2 Бибол Құдайназаров ном Сабақ кестесі 2023-2024 оқу жылы
3 2024-2025 оқу жылының жоспар
4 2024-2025 оқу жылы мәлімет
5 Бибол Құдайназаров ном Сабақ кестесі 2024-2025 оқу жылы
6 2025-2026 оқу жылының жоспары
7 2025-2026 оқу жылы мәлімет
8 Бибол Құдайназаров шжм Сабақ кестесі 2025-2026 оқу жылы
9 «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының құжаттары
10 Даналық мектебі
11 Діни экстремизм
12 Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары
13 Қыздар ұйымының құжаттары
14 Ұлдар ұйымының құжаттары

 


«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы 2024-2025 оқу жылы

«Бекітемін» Мектеп директоры: ____________ Қ.Беркімбаев 

«Бибол Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» КММ-сі  2024-2025 жылға арналған

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің «30» шілде 2024 жыл

№ 194 бұйрығына 2-қосымша

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.

Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі.